2021 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі "Кеңгір селосының № 2 ЖББМ" КММ -сінде «Таза бейсенбілік» тазалық күні өтті. Мектеп маңын абаттандыру, мектеп келбетін көріктендіру, экологиялық жағдайын жақсартып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізу мақсатында бейсенбілік ұйымдастырылды. Бейсенбілікке мектеп оқушылары және ұстаздары ат салысты.