Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының №2 ЖББМ КММ-сінде «Жаратылыстану -ғылыми сауаттылық және үш тілді білім берудің» кіріктірілген апталық аясында 10 сыныптар арасында «Мемлекеттік тілді – дамытамыз, орыс тілін - қолдаймыз, ағылшын тілін - үйренеміз» тақырыбында дебат турнир өткізілді. Пікірталасқа 10 сыныптар арасынан іріктеп алынған 4 қатысушы «Астана» және «Ұлытау» топтары қатысты. Пікірталас Америкалық парламенттік форматта өткізіліп қатысушыларымыз өз ойларын ортаға салып, фактілер келтіре білді. Пікірталастың мақсаты - коммуникативтілік қасиеттер мен әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру болып табылады. #трехъязычие#наука#неделя#умц#