#АСЫЛМҰРА-АМАНАТ

09.04.2021 жылы Қарағанды облысының білім басқармасының Жезқазған қаласының білім бөлімінің «Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс», Жезқазған қаласының 70 жылдығына «70 игі іс» акциясы аясында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын насихаттау мақсатында «Асыл мұра-аманат» атты өлкетану мұражайы ашылды. Мұражайдың негізгі мақсаты: білімалушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, тарихи мұраны терең меңгерту, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейту. Мұражайдың ашылу салтанатына Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімінің басшысы Альмаганбетов Жеңіс Едігеұлы мен Жезқазған қаласының білім бөлімінің тәрбие секторының бас маманы Жакупбекова Гаухар Нәбиқызы қатысты.