Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының N2 ЖББМ» КММ-нің 9 сыныптар арасында Наурыз мерекесі қарсаңында «Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушылар салт-дәстүрімізге байланысты сұрақтаға жауап беріп, өз білгендерімен бөлісті. Сайыс соңында екі топ тең түсіп, ұлттық ойынымыздың бірі-қол күрестіру арқылы жеңімпаз анықталды. Сайысымыздың негізгі мақсаты: оқушылар арасында ұлттық салт – дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық санаға тәрбиелеу.