Қарағанды облысы білім басқармасының, Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының N2 ЖББМ» КММ -де 2021 жылдың 17 наурызы күні «Дебат заман талабының ойыны» тақырыбында мектепішілік пікірталас сайысының ақтық кезеңі өтті. І-ші кезеңінен іріктеліп өткен 6 қатысушы 3 топ қатысты. «Бұл палата мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін -өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолдануын дұрыс деп есептейді» тақырыбында ой қозғалып, тұшымды пікірлер айтылды. Пікірталас соңында жеңімпаздар Серік Ұлданай және Дәндібай Ырысалды І-ші Дәрежелі дипломмен және «Ең үздік спикер» номинациясымен Дәндібай Ырысалды марапатталды. Пікірталасымыздың мақсаты: оқушыларымыздың талабы зор, ойы ұшқыр және өз ойын дұрыс жеткізуге тәрбиелеу.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/444-debaty-2021.html#sigFreeId3c541780ef









