2021 жылдың 16-шы наурызы күні мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасын негізге ала отырып, кезекті «Адалдық сағаты» онлайн, офлайн форматтарында өтті. Адалдық сағаты қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.