2021 жылдың 12-ші наурызында «Кеңгір селосының N 2 ЖББМ»КММ-де 5-10 орыс сыныптарының оқушыларының ата-аналарымен ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізілді. Мақсаты: жасөспірім қыздар арасында ерте жастағы жүктіліктің алдын алу,қыз баланы тəрбиелеуде ата-ананың жауапкершіліктерін арттыру. Жиналысқа Жезқазған қалалық емханасының мамандары: гинеколог Э.И.Пак жəне акушер Е.С.Белая қатысып, ерте жүктілік немен қауіпті жəне ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?Отбасындағы жыныстық тəрбие жəне тағы басқа тақырыптарға тоқталып, жыныстық тəрбиеге байланысты ата-аналардың сауалдарына жауап берді.Мектеп психологы А.Б.Сарсенбаева ата-аналарға ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кеңестер беріп,тақырып бойынша презентация көрсетіп,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/435-5-10-orys-synyptaryny-o-ushylaryny-ata-analarymen-zoom-platformasy-ar-yly-zhinalys-tkizildi.html#sigFreeId58bd0cbcce









