Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ ұйымдастыруымен «Тағылымы тарихтың тақт асында» тақырыбында «ҚР білім саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медальдары мен «Құрмет» орденінің иегері, Қарағанды облыстық білім басқармасы басшысының кеңесшісі, Қоғамдық кеңестің мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, профес сор- Қонтаев Сәбит Сейітұлымен сыр-сұхбат өткізілді. Сұхбатқа 7-11 сынып аралығында 87 оқушы және ұстаздар қатысты. Сұхбат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұрақтарына шынайы және нақты жауап алды. Мамандық таңдау бойынша кеңестер тыңдады. Сәбит Сейітұлы оқушыларға өзінің еңбек жолындағы қызықтары мен қиыншылықтары жайлы айтып, қажырлы еңбек пен адамгершілік арқасында адам өз мақсаттарына жете алатыны туралы айтты. Бұл сұхбаттан мектеп оқушылары мамандық таңдау бойынша, адами құндылықтар бойынша мағлұмат алды.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/432-ta-ylymy-tarikhty-ta-t-asynda.html#sigFreeId186006bde8









