2021 жылдың 10 наурызында Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ -сінде « Бір отбасы – бір кітап » акциясы аясында 6 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру жұмыстары жүргізілді. Отбасымен бірігіп оқушылар да, ата- әжелері де қызыға қатысты. Олар Қ.Аманжолов пен Ф.Оңғарсынованың шығармаларын оқып, талқылады. Қатысқан отбасыларына алғыс білдіреміз!