Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдың 01-06 наурыз аралығында «ХХІ ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры» атты орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің апталығы өтті. Апталық аясында олимпиадалар, сурет салу, зияткерлік сайыстар, конкурстар, динктант жазу, жаңылтпаштар айту сайыстары және тағы басқа іс-шаралар өткізілді. Өткізілген іс-шараларда мектеп оқушылары белсенділік танытты. Апталықта өткізілген іс-шаралардан оқушылар үлкен әсер алды.