2021 жылдың 5-ші наурызында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де «ХХІ ғасыр — сауатты ұрпақ ғасыры» атты Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, 5-7 сынып оқушылары «кітап оқудың пайдасы, неге кітап оқу керек, кітаптың адамға әсері» атты бейнебаян көрді. Көптеген адамдар кітап оқудың артықшылықтарын және жеке тұлғаның дамуы үшін бұл қызметтің маңыздылығын мойындайды. Алайда, бақылаулар жыл сайын кітап оқитын адамдардың саны азайып келе жатқанын көрсетеді. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Бағланова К.Ж. және Жайнибекова Г.Х. бейнебаяннан кейн кітап оқудың маңыздылығы туралы түсініктеме берді.









