Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ – де Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Жүректен жүрекке» қалалық қашықтықтағы волонтерлік акциясы 22 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізілді. Жоспар бойынша акция аясында қазіргі пандемия жағдайын ескере отырып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып 5 негізгі жұмыс атқарылды. Іс – шараларға 9 сынып оқушылары 32 жас ұландықтар қатысты.
Жоспарға сәйкес 26 Жас Ұлан белсенділерінің қатысуымен қаңтардың 20-сы күні онлайн Zoom платформасы арқылы акцияның ашылуы өткізілді, жоспар таныстырылып, алдағы уақытты өткізілетін іс-шаралар талқыланды. Жоспарға сай «Қарттарымыз қазынамыз» тақырыбында жалғызбасты қария кісілерге ауласында қар күреуге 9 сынып оқушыларының арасынан 7 Жас Ұландық көмек қолын созды.
«Кең болсаң, Кем болмайсын» ұранымен 15 Жас Ұландық, 1-4, 5, 9 сынып оқушыларына 37 маска, 4 мектеп мұғалімдеріне, 3 мектеп тазалық қызметкерлеріне және 6 көшеде маскасыз жүрген ауыл тұрғындарына маска таратты.
«Кітап ақылшы досың» тақырыбында 5 Жас Ұландықтар мектеп кітапханасының тазалығына, және кітапханашыға кітаптарды рет –ретімен қойып көмектесті.
12 Жас Ұландық қыздарымыз «Жақсылық жан жадыратады» деп ұрандатып өз қолдарымен жасаған тәттілерін, әлеуметтік жағдай төмен отбасы балаларына таратып берді.
Сынып жетекшілері онлайн және офлайн режимінде «Мейірімділік асыл қасиет» тақырыбында қайырымдылық, мейірім, шапағат жайлы үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Осындай волонтерлік акциялар өз жұмыстарын жалғастыра бермек.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/390-zh-rekten-zh-rekke-alaly-ashy-ty-ta-y-volonterlik-aktsiyasy.html#sigFreeId9beb87a1dc
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/390-zh-rekten-zh-rekke-alaly-ashy-ty-ta-y-volonterlik-aktsiyasy.html#sigFreeId9beb87a1dc









