2021 жылдың 23 ақпанында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ –сінде «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы 8-11 сыныптарының қыз балалары арасында мектебіміздің ардагер- ұстаздармен кездесу өткізілді. Кездесуге Айдарбекова Назипа Айдарбековна жəне Оразова Жанат Хайбрахмановна апайлар қатысты. Ардагерлер өздерінің өмір жолдарындағы маңызды кезеңдеріне тоқталып, ғибраты мол мысалдар келтірді. Оқушылар ардагер ұстаздардың көптеген ақыл кеңестерін тыңдап, жақсы әсерде болды. Кездесу соңында ұстаздарға алғыс, тілектер айтылды. Ұйымдастырған: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Карамендиева.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/344-yz-sse-eldi-k-rki.html#sigFreeIdd76b39704b
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/344-yz-sse-eldi-k-rki.html#sigFreeIdd76b39704b









