«Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығының жоспарына сəйкес «Кездесулер, саяхаттар» циклы бойынша «Өнегелі өмір» жобасы аясында табысты кәсіпкермен кездесу өткізілді. Кездесу қонағы «Экономика, бизнес және құқық» колледжінің арнайы экономикалық пәндер оқытушысы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларындағы «Неке қию» орталығының жетекшісі Әбікен Мақпал Мұратқызы. Оқушылардың шынайы әрі нақты сұрағына Мақпал Мұратқызы мәнді де мағыналы жауаптарын айтып, кеңестерімен бөлісті. Ақшаны қалай дұрыс қолдану керек екенін, қазірден еңбекпен айналысып, даму керектігін ашық айтты. Кездесу өте қызықты өтті. Кездесуді 7 «А» сыныбының жетекшісі Ж.С.Арыстанова ұйымдастырды.










