Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Кеңгір селосының N2 жалпы білім беретін мектебінде «Қаржы əлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес «Кездесулер, саяхаттар» циклы аясында 2021 жылдың 24-ші ақпанында «Əлеуметтік серіктестіктер» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен Жезқазған қаласының жас бизнесмені, «Атамекен» кəсіпкерлер Палатасының «Бастау» бизнес курсы Грантының иегері, New Bite программалау мектебінің басшысы Тілеукен Темірлан Бағдатұлымен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізілді. Іс-шараны 11 «А» сынып жетекшісі К.Ж.Бағланова ұйымдастырды.










