Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Кеңгір селосының N2 жалпы білім беретін мектебінде «Қаржы əлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 22-ақпанында 5-7 сыныптар арасында «Қаржы сауаттылық сабағы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында оқушылар қаржыны үнемдеу, жоспарлау сияқты сұрақтарға тоқталып, қажетті ақпараттар алды.