2021 жылдың 22-ші ақпанында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ -де «Қаржы əлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығының ашылуына арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға кезекші сыныптар қатысты. Жиын барысында мектебіміздің экономика пəнінің мұғалімі М.И.Жолаева апталықтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. 9 сынып оқушылары қаржының адам өміріндегі қызметтері жайлы ақпараттармен таныстырды. Мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Аяшова апталыққа қатысушы оқушыларға сәттілік тілеп, белсенділік танытуға шақырды. Сонымен қатар апталықтың алғашқы күні мектеп фойесінде «Ұлттық жəне халықаралық валюталар» тақырыбында шағын көрме ұйымдастырылды.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/328-arzhy-lemi-atty-arzhyly-sauattyly-aptaly-yny.html#sigFreeId0e76fc54b4









