2021 жылдың 19 ақпаны күні «Кеңгір селосының #2 ЖББМ» КММ-нің мектепке дейінгі жəне мектепалды даярлық топтарының жетекшілері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында «Қазақстан -спортты ұлт» циклы бойынша спорттық эстафеталар, тəрбие сағаттарын өткізді.
2021 жылдың 22-27 ақпаны күндері Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласының білім бөлімінің «Кеңгір селосының № 2 жалпы білім беретін мектебінде «ҚАРЖЫ ӘЛЕМІ» атты қаржылық сауаттылық апталығы өтеді.
Қаржылық сауаттылық — қоғам дамуының аса маңызды аспектісі. Қазақстанда, заманауи қоғамда экономиканы түсіну, білу өте маңызды, сондықтан бала кезінен адамдарға қаржылық сауаттылық дағдыларын меңгеру қажет. Қаржылық сауаттылық - бұл ақша мен шығындарға байланысты дұрыс шешім қабылдау үшін білім мен дағдыларды пайдалану мүмкіндігі.
Апталықтың мақсаты: оқушылардың қаржылық сауаттылығы және кәсіпкерлік ойлауын дамыту арқылы қаржылық мәдениеті мен жеке қаржыны тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
— оқушылардың қаржы туралы, және олардың адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы білімдерін кеңейту;
— ақша мен қаржыға ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
— қоғамның қаржылық қатынастары мен қаржы институттары туралы түсінік беру;
— оқушылардың ақшамен жұмыс істей білуін қалыптастыру, кірістер мен шығыстардың есебін жүргізу, жеке қаржылық жоспар құру;
— экономика және кәсіпкерлік саласындағы проблемалар мен болып жатқан өзгерістерді талдауға мүмкіндік беретін функционалдық экономикалық сауаттылықты қалыптастыру;
— өз ісін құру технологиясын игеру, бизнестің ең тиімді салаларын анықтау, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау және бизнес-жоспар құру.
Апталыққа мектеп ұстаздарын, оқушыларын және ата-аналарын белсене қатысуға шақырамыз!
2021 жылдың 20 ақпанында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ -сінде «Денің сау болса, бәрін аласың» атты дене шынықтыру апталығының аясында «Спорт біздің досымыз» тақырыбында мұғалімдер арасында эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Ойынға «Қыран» және «Топжарған» командалары қатысты. Сайыс нәтижесінде «Қыран» тобы жеңіске жетті.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/327-aza-stan-sportty-lt.html#sigFreeId21cd22c30d
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/327-aza-stan-sportty-lt.html#sigFreeId21cd22c30d









