«Кеңгір селосының #2 ЖББМ» КММ-нің мектепалды даярлық топтарының жетекшілері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке үлесі» циклы бойынша тəрбие сағаттарын өткізді.
2021 жылдың 19 ақпаны күні Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының N2 ЖББМ» КММ-де мектеп тәлімгері А.Н. Салыбайдың ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында «Дебат заман талабының ойыны» тақырыбындағы сөзге шешен, тілге жүйрік ойыншылар арасында пікірталас сайысының алғашқы іріктеу кезеңі өткізілді. Алғашқы кезеңінде 6 топтан құралған 12 қатысушы ортада бақтарын сынады. Ойынды 9 сынып оқушысы Ұланбасы Р..Нұрланқызы жүргізді. Пікірталас Америка Парламенті форматында өткізілді. Әділқазылар ретінде мектеп ұстаздары А.А. Ахметов, Э.Т. Боранбаева және Б.Б. Утенова шақырылды. Сайыс тартысты, әрі қызықты өткізілді. Пікірталас барысында қатысушылар ұялы телефондардың пайдасы мен зиянын нақты көрсетіп, негізгі фактілер мен дәлелдемелер келтірді. Қазылар алқасының шешімімен келесі ақтық кезеңге 3 топ 6 қатысушы іріктеліп келесі ойынға ЖОЛДАМА алды. Қалған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды. Мектебімізде алдағы уақытты мұндай тартысты сайыстар жалғасын табады.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/325-aza-stanny-zha-andy-bastamalary-khaly-araly-auipsizdikke-lesi.html#sigFreeIdece130f90c
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/325-aza-stanny-zha-andy-bastamalary-khaly-araly-auipsizdikke-lesi.html#sigFreeIdece130f90c









