2021 жылдың 18 ақпанында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ -сінде «Денің сау болса, бәрін аласың» атты дене шынықтыру апталығының аясында «Тыныс алу жаттығулары арқылы денсаулық» тақырыбында дене жаттығулары ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты: мықты денсаулық негізі қимыл-қозғалыс екенін балаларға ұғындыру. Спортпен шұғылдануға шақыру, белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сұлулықты сезіне білуге баулу.