Қарағанды облысы оқу-әдістемелік бастамасымен «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де 2021 жылдың 18-ақпанында 1-4 сынып оқушылары арасында «Қысқы спорт түрлері» атты суреттер көрмесі болып өтті.
 
Мақсаты: Оқушыларға қысқы спорт түрлерін таныстыру. Қысқы спорт түрлерінің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру. Спорттың адам денсаулығына пайдасын түсіну Қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтына баулу. Оқушылар өздерінің жақсы көретін қысқы спорт ойындарының суретін қызығушылықпен салды. Салынған суреттерден сыныптарда көрме ұйымдастырылды.