2021 жылдың 18-ші ақпанында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ -сінде «Денің сау болса, бәрін аласың» атты дене шынықтыру апталығының аясында «Өнегелі өмір» жобасы шеңберінде бірнеше Азия чемпиондарын дайындаған жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының жоғары ұлттық санаттағы төрешісі Аманов Мұқашбек Түсіпұлымен онлайн форматында кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге мектебіміздің ұстаздары мен 9 кезекші сынып оқушылары қатысты. Жоба мақсаты: Жастарға аға буынның тағылымды жолын үлгі ету, оқушылардың жанына жақын мамандығын, кәсібін табуына ықпал ету және табысқа жеткен тұлғалардың көмегімен бағыт-бағдар беру. Өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау. Сұхбат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұрақтарына шынайы және нақты жауап алды. Қонағымыздан өнегеге толы кеңестер алды. Кездесу әсерлі өтті. Мектеп ұжымы және оқушылары атынан Мұқашбек Түсіпұлына алғыс білдіреміз.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/318-zhatty-tyrushy-amanov-m-ashbek-t-sip-lymen-onlajn-formatynda-kezdesu-jymdastyryldy.html#sigFreeId005ddb32b6
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/318-zhatty-tyrushy-amanov-m-ashbek-t-sip-lymen-onlajn-formatynda-kezdesu-jymdastyryldy.html#sigFreeId005ddb32b6









