«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де облыстық «Өнегелі өмір» жобасы жоспарына сай 202 жылдың 16-шы ақпаны күні «Мұражай-халық тәрбиесінің шежіресі» тақырыбында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитетінің құрмет Грамотасының, Жезқазған қаласы әкімінің «Үздік мұражай қызметкері» дипломының иегері, «Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы» КММБ-ның жетекшісі Капарова Раушан Оңғонысқызымен онлайн кездесу өтті. Кездесуді мектебіміздің әлеуметтік педагогы және биология пәнінің мұғалімі Алтыбаева Динара өткізді. Бұл кездесуге мектебіміздің ұстаздары мен 7-11 сынып оқушылары қатысты. Жоба мақсаты: Жастарға аға буынның тағылымды жолын үлгі ету, оқушылардың жанына жақын мамандығын, кәсібін табуына ықпал ету және табысқа жеткен тұлғалардың көмегімен бағыт-бағдар беру. Сұхбат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұрақтарына шынайы және нақты жауап алды. Мамандық таңдау бойынша кеңестер айтылды. Қонағымыздан өнегеге толы кеңестер алды. Кездесу әсерлі өтті. Мектеп ұжымы және оқушылары атынан алғыс білдіреміз.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/313-m-razhaj-khaly-t-rbiesini-shezhiresi.html#sigFreeIdb66ffcce8f









