2021 жылдың 16-шы ақпанында «Кеңгір селосының N2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 6-8 сынып оқушыларының арасында ZOOM платформасы арқылы құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған профилактикалық Кеңестің жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры М.С.Абеева, директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Аяшова, мектеп инспекторы А.М.Есенғабылов, сынып жетекшілері қатысты. Күн тəртібінде келесі мəселелер қаралды:
 
1.Жалпы оқушылардың сабақ үлгерімі, қашықтықтан сабаққа қатысуы жəне тəртібі;
 
2.Оқушылардың қауіпсіздігі.
 
3.Оқушылардың құқықтары мен міндеттері;
 
Аталған мəселелер бойынша мектеп директоры М.С.Абеева бала қауіпсіздігі туралы айтып, мектеп оқушыларының Ережелеріне тоқталып, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Мектеп инспекторы А.М.Есенгабылов жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы. Жасөспірімдердің арасында кездесетін құқықбұзушылықтар жайлы айтып,түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сынып жетекшілері оқушыларының сабақ үлгерімі,тəртібі туралы мəлімдемелер берді. Профилактикалық кеңестің жиналыстары жоспар бойынша ай сайын өткізіліп отырылады.