2021 жылдың 16 ақпанында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының
№ 2 ЖББМ» КММ -сінде «Денің сау болса, бәрін аласың» атты дене шынықтыру апталығының аясында 11 сынып оқушылары арасында «Таң жаттығулардан басталды!» тақырыбында таңертеңгілік жаттығулар жасалды. Мақсаты: Таңертеңгі жаттығудың ерекшелігі — балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Таңертеңгі жаттығу денсаулықты нығайтуға, организмді жетілдіру мен шынықтыруға, жұмыс қабілетін арттыруға жақсы әсер етеді. Таңертеңгі жаттығулардың ұйымдастырушылық және тәрбиелеушілік үшін маңызы зор.
Денсаулықтың баға жетпейтін басты байлық екенін ескерсек, арайлап атқан әр таңымызды дене жаттығуымен бастау арқылы өмір сапасын арттыруға, айналамыздағы адамдарға қуанышты көңіл күй сыйлап, жемісті де, еселі еңбек етуге болатынын жадымыздан
шығармайық !!!