Мектебімізде 2021 жылы 12-ші ақпан күні «Ауған соғысы мәңгі есімізде!» атты әскери-патриоттық апталықтың жоспарына сәйкес, 4-5 сынып оқушылары арасында, «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында өлең, жыр үзінділерінен мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 4 «А» сынып оқушысы Бейбіт Айкүнім 1- ші, 5 «А» сынып оқушылары Серік Айнұр мен Мұхашева Айым 2-ші орынды иеленсе, 5 «А» сынып оқушылары Атығай Інжу мен Пауеден Қалбибі, 5 «Б» сынып оқушысы Балагазова Жасмин 3-ші орындарға ие болды.