Қарағанды облысының білім басқармасы, Жезқазған қаласының білім бөлімі, «Кеңгір селосының N2 ЖББМ» КММ -сінде «Құқықтық навигатор» апталығы аясында ақпанның 11-і күні мектеп психологы Сарсенбаева А.Б. 2-4 сыныптарда «Эмоцияны басқару әдістері» тақырыбында танымдық ойын өткізді. Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін арттырып, қуана білуге,өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білуге үйрету. Ойын жаттығу түрінде өткізілді. Оқушылар эмоцияның адамға әсері жайлы тусінік алды.