2021 жылдвң 11 ақпаны күні «Кеңгір селосының #2 ЖББМ» КММ-де Ауған соғысы ардагерлерімен, қашықтықтан, «Ауған соғысы- мәңгі есімізде» тақырыбында ZOO платформасы арқылы кездесу кеші болып өтті. Оған Жезқазған қаласының Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің төрағасы Аманов Ақылбек, Кеңгір селосының тұрғыны, жерлес- ардагеріміз Абылқасенов Темірғали Абылқасенұлы қатысып сөз сөйлеп,мектеп оқушыларының қойған сұрақтарына, әскер қатарында соғыс-қақтығыстары оқиғаларын әңгімелеп берді. Мектеп оқушылары ардагерлерге құрмет көрсетіп,өлең жолдарын, «Көрғұлы» күйін тарту етті. Кездесу өте қызықты өтті.