2021 жылдың 11-ші ақпаны күні «Кеңгір селосының N 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Ауған соғысы- мәңгі есімізде!» атты әскери-патриоттық апталықтың ашылу жиыны өтті. Апталықтың ашылу рәсімінде алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың жетекші-оқытушысы Ахмет Айтболат Асқарұлы мектеп оқушыларын апталықтың жоспарымен таныстырды және «Ауған соғысы- адам қолымен жасалған қасірет» тақырыбында бейне-ролик көрсетіп, әңгімеледі. Сонымен қатар, АӘТД пәнінің мұғалімі 9-11 сыныптар оқушыларымен мектептің «Жауынгерлік Даңқ бұрышына» саяхат жасады.Даңқ бұрышында «Ауған оның жүрегінде…» тақырыбында бейнеленген жерлестеріміз, Ауған-Тəжік соғысының ардагерлері туралы баяндалды. Олар: Аманов Ақылбек Түсіпұлы, Абылқасенов Темірғали Абылқасенұлы, Мұстафин Ғабиден, Исенгазиев Зарип Қайыржанұлы, Алдажаров Алмас Кимұлы. Өткізілген іс -шаралардан оқушылар көп мағлұматтар алды. Апталық əрі қарай жалғасын табады.