Қарағанды облысының білім басқармасы, Жезқазған қаласының білім бөлімінің, «Кеңгір селосының N2 ЖББМ» КММ -сінде «Құқықтық навигатор» апталығы аясында 5 кезекші сыныптармен құқық пəнінің мұғалімі Ғ.Е.Боранов сынып жетекшілерімен бірлесіп «Кəмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілері мен біле тұра жалған хабарламалар үшін жауаптылығы» тақырыбында дəріс сағатын ұйымдастырды. Сонымен қатар мектепішілік «Драма» үйірмесінің оқушылары бейнеролик дайындады.