Қарағанды облысының білім басқармасы, Жезқазған қаласының білім бөлімінің «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де 2021 жылдың 9-шы ақпан күні қазақтың біртуар перзенті, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр!» атты 5 сынып оқушылары арасында мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығы мен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халыққа, тілге деген сүйіспеншілік қасиеттерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені: Байұзақ Ілияс, 1-орынды Пауеден Қалбибі, 2-орынды Болат Шыңғысхан, 3-орынды Атығай Інжу иемденді.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/252-atty-5-synyp-o-ushylary-arasynda-mektepishilik-m-nerlep-o-u-baj-auy-tti.html#sigFreeId993c0c6774
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/252-atty-5-synyp-o-ushylary-arasynda-mektepishilik-m-nerlep-o-u-baj-auy-tti.html#sigFreeId993c0c6774









