Қарағанды облысының білім басқармасы, Жезқазған қаласының білім бөлімі, «Кеңгір селосының N2 ЖББМ» КММ -сінде 2021 жылдың 8-ші ақпан күні «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылықты дамытуға арналған апталықтың ашылуына байланысты саптық жиын өткізілді. Апталықтың басты мақсаты: Заңға деген құрметті тəрбиелеу, құқықтық сауаттылықты арттыру, нығайту, құқықтық сананы қалыптастыру жəне дамыту. Міндеті: Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімін кеңейту. Қоғам институты, құқық, міндет туралы түсінік беру. Əлеуметтік қоғамдағы өзгерістер мен сұрақтарын талдауға мүмкіндік беретін құқықтық сауаттылықты арттыру. Жиынға 2,5,9,11 сыныптар қатысты.