«Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ-де облыстық «Цифрлық әлем» атты ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының алтыншы күнінде 9-11 сыныптарға арналған онлайн ұялы байланыс салондарымен кездесу өткізілді. Оқушыларға қаламыздағы ұялы байланыс салондарының сайтына онлайн саяхат жасалды. Ұялы телефондар және олардың қызметтері туралы ақпарат берілді. Қазіргі заман ағымына сай ұялы телефондарына сұраныс орасан зор. Оқушыларға ұялы телефондардың сыйымдылығы және мүмкіндіктері туралы айтылды.