«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де облыстық «Цифрлық әлем» атты ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының бесінші күнінде жоспарға сәйкес «Біздің өлке әлеуметтік желілер беттерінде» тақырыбында өлкетану сайттарына вертуальды шолу жасалды.
 
Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайының сайтынан оқушыларға құнды ақпараттар көрсетілді. Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихи мұражайы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 21.12.1988 жылғы № 285-р Жарлығы бойынша ұйымдастырылған. Мұражай қоры 1986 — 1988 жылдары жергілікті өлкетанушы М.Төрегелдиннің бастамасымен Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімі болып ашылған кезеңінен жинақтала бастаған. Өзінің тақырыптық ерекшілігі, экспозициясының құрылымы, жәдігерлерінің құндылығы жөнінен Орта Азия, ТМД елдерінде кездеспейтін бірегей орталық болып есептеледі.
 
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі РСФСР КөмірХалком-ның 1932ж. 11 ақпандағы бұйрығына сәйкес 1932ж. 7 қарашада ашылды. 1999 жылдың 21 қаңтарынан бастап музей коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып табылады. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музеінде 16 зал орналасқан. Оқушылар музей тарихына бейне экскурсия жасады. Сайттан құнды жәдігерлерді және құнды тарихи мағлұматтарды көріп тамашалады.