2020 жылдың 30 қаңтары күні «Кеңгір селосының N2 ЖББМ» КММ -де жоспарға сай мектеп тәлімгері А.Н. Салыбай 8-10 сынып оқушыларымен қашықтықтан Zoom платформасы арқылы «Дебат жайла не білесіз?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс — шара барысында оқушыларға сауалдар қойылып, өз ойларын білдіріп, дебат технологиясы жайлы түсіндіріліп, ашық пікірталас жүргізілді. Мектеп Ұланбасы Нұрлан Роза Дебат ережелерімен таныстырып оқушыларды өз ойларын ашық жеткізуге шақырды. Іс шара соңында ерікті қатысуға ниет білдірген оқушылардан топтар құрылып, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары жалғасын табады.
Іс шараның негізгі мақсаты: оқушылар арасында бір бірімен тығыз байланыстыру, өз ойларын ашық жеткізіп, тіл байлықтарын дамытып, ізденістерін одан әрі дамыту, тәлім- тәрбиеге, сыйластыққа баулу.