«Кеңгір селосының № 2 ЖОББМ» КММ-де 2021 жылының 25-29 қаңтары аралығында мектепалды даярлық сыныбында математикалық білім беру сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Қызықты математика» математикалық сауаттылық апталығы өтті. Апталықта жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Тақырыптар бойынша әр топта көрмелер, дамытушылық мультфильмдер, сюжеттік-рөлдік ойындар, логикалық есептер, қозғалмалы ойындар мен әр түрлі дидактикалық ойындар қамтылды. Сонымен қатар ертегілер оқылып, оларды драматизациялады. Қашықтықтан оқитын балалар да назардан тыс қалған жоқ. Тәрбиешілер ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, қашықтықтан оқитын балаларды да іс-шараға тартты. «Тауып көрші», «Пішін, өлшем, биіктік» тақырыбы бойынша серуен кезінде бақылау жүргізілді. Балалар тақырыпқа сай заттардың пішіндері мен өлшемдерін анықтады. «Қала геометриялық фигуралармен қалай салынған», «Ғажайып құрылыс», «Математикалық мазмұнды ойындар» тақырыбы бойынша жүргізілген дидактикалық ойындар мен «Әжемізде қонақта» сюжеттік-ролдік ойындарын өткізу барлық топ балалары үшін қызықты болды. Спорттық және ұлттық ойындар да ойнатылды. Тәрбиешілер апталықтың әрбір күнінде өз шеберліктерін көрсете отырып, өзара тәжірибе алмасты.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/215-matematika-bizdi-ajnalamyzda-yzy-ty-matematika.html#sigFreeIdebaacab24b









