Облыстық «Өнегелі өмір» жобасының жоспарына сай 2021 жылдың 29-қаңтар күні «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де «Тамшыда да тағдыр бар» тақырыбында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы КММ-сінің директоры, Жезқазған қаласының «Құрметті азаматы» Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлымен онлайн кездесу өтті. Кездесуді қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ағыбаева Самал Оразқызы жүргізді. Бұл кездесуге мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Жоба мақсаты: өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақын, филолог, ұстазымыздың өрнегі мол жырларын оқуған насихаттау, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.
Сұхбат барысында оқушылар ақынның туындыларынан өлеңдер оқып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қонағымыздан өнегеге толы ақыл-кеңестер алды. Кездесу өте әсерлі өтті. Мектеп ұжымы және оқушылары атынан Ғазиз Елеусізбайұлына алғыс білдіреміз.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/210-2021-zhyldy-29-a-tar-eshtanaev-aziz-eleusizbaj-lymen-onlajn-kezdesu-tti.html#sigFreeIdf8feab1a91
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/210-2021-zhyldy-29-a-tar-eshtanaev-aziz-eleusizbaj-lymen-onlajn-kezdesu-tti.html#sigFreeIdf8feab1a91









