«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес, «Математикасыз өмір сүру мүмкін емес» квест ойынын математика пәнінің мұғалімі Бекмаганбетова Бибіжамал Искаковнаның жетекшілігімен жүргізілді. Әйгілі математиктер жайлы тарихи калейдоскоп жөнінде мағлұматтар айтылды. Оқушыларға алдымен осы квест туралы мағлұмат беріп, ойын барысын түсіндірді. Бұл ойынның шарты бойынша жасырынды шкатулканы іздеп табу арқылы сөзін құрастырды. Әрі қарай оқушылар математикаға байланысты жасырылған сұрақтарды іздеп, тауып алып, оларға жауап берді. Сонымен қатар, оқушыларға математикалық фигуралардың қиындысымен әр түрлі жануарлардың да бейнелерін құрастыру тапсырмалары болды. Жалпы қатысқан оқушыларға бұл ойын ұнады. Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, білімді болуға тәрбиелеу. Оқушылар танымдық, іскерлік ойындарға белсене қатысып, қызығушылықтарын танытты.