«Кеңгір селосының № 2 ЖОББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес «Әр күнге арналған математика» математикалық квест ойынын өткіздік. Мектебіміздің офлайн оқып жатқан оқушыларымен математика пәнінің мұғалімі Асылбекова Ақмаржан Арыстановнаның жетекшілігімен жүргізілді. Оқушыларға алдымен осы квест туралы мағлұмат беріп, ойын барысын түсіндірілді. Бұл ойынның шарты бойынша жасырып қойылған шкатулканы іздеп табу арқылы сөзін құрастыру. Әрі қарай оқушылар математикаға байланысты жасырылған сұрақтарды іздеп, тауып алып, оларға жауап берді. Жалпы қатысқан оқушыларға бұл ойын ұнап және ойын барысында тамаша белсенділікпен қатысты. Оқушыларының ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділіктерін арттыру арқылы математика пәніне деген қызығушылықтарын тудыру, дарынды озық болуға жетелеу.