«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес «Математикалық викторина», «Математикалық регата» танымдық ойындарын өткізді.
 
Ойын барысында логикалық сұрақтар мен есептер оқушыларды қызықтырды. Мұндағы ойын сұрақтары мен есептер оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізді. «Жас математик» номинациясына 5 «А» сынып оқушысы Ғабит Аида, 5 «Б» сынып оқушысы Балагозова Жасмин ие болды. Ал, 6-7 сыныптар арасынан 7 «А» сынып оқушылары Хамыстханов Сайд, Әбдулахан Аңсаған және Бақберген Әбілқайыр, 6 «А» сынып оқушысы Ален Арайлым ең көп дұрыс жауап бергендердің алды болды.