«Кеңгір селосының № 2 ЖОББМ-інде «Зейін» жобасы аясындағы математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес, 29.01.2021 жылы «Ойшылдар мен ақылдылар, «Математика дамуындағы Қазақстан ғалымдары» тақырыптарында бастауыш сынып оқушылары арасында танымдық және іскерлік ойындары жүргізілді.
 
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділіктерін арттыру. Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, білімді, дарынды, озық болуға жетелеу. Математика дамуындағы Қазақстанның ғалымдары туралы оқушыларға ақпараттар мен бейне фильмдер көрсетілді. Оқушылар танымдық, іскерлік ойындарға белсене қатысып, қызығушылықтарын танытты.