«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес «Математика және өркениеттің гүлденуі» атты сандар мен олардың мағыналары туралы фильмдер көріп, тамашалады. Бұл фильмде алғаш рет әлемнің барлығы сандармен байланысты екені жайлы мағлұматтар берді. Шеңбердің өзін күнге қарап отырып, қолдың өлшемімен өлшей отырып, сызбасын келтірген. Бұрынғы уақытта өлшеу құралы жоқ болғандықтан, олар адамның қолының өлшемдерін пайдаланып, бірінен кейін бірі тұру арқылы метрлеп өлшеп есептеген. Жалпы айтқанда, оқушылар көптеген біз білмейтін өркениеттің гүлденуінің барлығы математикамен байланысты екеніне көз жеткізіп және өптеген біз білмейтін жаңалықтарының бар екенін түсінді. Оқушылар өте тамаша күйде бұл фильмді қызыға көрді.