«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығының аясында сандар мен олардың мағыналары туралы «Бір саны қайдан пайда болды?» фильмін көріп, тамашалады. Бұл фильмде сандардың пайда болу тарихымен танысып, сан ұғымы туралы мәліметтер көрсетіліп және оларды оқушылармен бірге талқыладық. Талқылау барысында ежелгі дәуірде есеп қажет болатын, бірақ ол кезеңде цифрлар әлі пайда болмаған. Сондықтан, олжаны бөлуге немесе аң аулауға баратын адамдардың санын анықтау үшін, өз саусақтарын пайдаланған. Осылайша саусақ алғашқы есеп құралына айналған. Бірақ уақыт өте келе нөмірлердің саны көбейіп, оларды есте сақтау қиынға соға бастаған. Осылайша сандар пайда бола бастады. Бастапқыда әр мемлекет өз сандарын әр түрлі белгілейтін болған. Бейне-сюжетте 1 саны ақшаның шығуына да, зор көмегінің болғаны туралы айтылған. 1 саны мен 0 саны бірігіп заманауи технологияның төлқұжатының рөлін атқаратындығын білдік.
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/203-matematika-bizdi-ajnalamyzda-bir-sany-ajdan-pajda-boldy.html#sigFreeId6e9657ffdc









