Кеңгір селосының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде облыстық «Өнегелі өмір» жобасы жоспарына сай 2021 жылдың 27 қаңтары күні «Тіл жанашыры — ел жанашыры» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Құрмет Грамотасы, ІV Халықаралық шығармашыл Жастар фестивалі «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша М.Мақатаев атындағы сыйлық иегері, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, доцент, ақын, ұстаз Үмбетова Алмагүл Қоғабайқызымен қашықтықтан Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өтті. Кездесуді мектеп тәлімгері, физика пәні мұғалімі Салыбай Айгүл Нәліханқызы жүргізді. Кездесуге мектебіміздің мұғалімдері, 7 — 11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында Алмагүл Қоғабайқызы оқушыларды әдеби шығармаларға, өлеңдерді оқуға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыруға пайдалы кеңестер берді. Поэзия әлеміне саяхат жасап, оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, Алмагүл мұғалімнің шығармаларымен танысып өте жағымды әсер алды. Жоба мақсаты: жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірбиесімен, бейнесімен таныстыру арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өмірге дайындау, қоғамда, өмірде өз орындарын таба білуге баулу және кәсіби бағдар беру.
Алмагүл Қоғабайқызына ұжым атынан алғыс білдіреміз!