«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Математика – царица всех наук» тақырыбында мектебіміздің ұлағатты ұстазы болған, математиканың қыр-сырын, есептеу жолдарын түсіндіріп, еңбек еткен аяулы ұстазымыз математика пәнінің мұғалімі, Зырянова Светлана Абрамовнамен ZOOM платформасы арқылы мектебіміздің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу 7 «В» және 8 «В» сыныбының жетекшілері Тлесов Шаймерден Серикбекович пен Сматаева Лязат Акантаевнаның жетекшілігімен жүргізілді. Сыр-сұхбат кездесудің қонағы Зырянова Светлана Абрамовна жайлы бейне-сюжет көрсетілді. Оқушыларды қызықтырған сұрақтар қойылып, өздеріне оқуға, білімге деген кеңестерін алды. Кездесу қонағы ардагер ұстаз — Зырянова Светлана Абрамовнаға Алғысымыз шексіз!