«Кеңгір селосының № 2 ЖОББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Математика – ғылым патшасы» тақырыбында Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетінің «Физика, информатика және математика» кафедрасының аға оқытушысы Алибаева Салия Ибрагимқызымен онлайн түрінде ZOOM платформасы бойынша мектебіміздің оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу математика пәнінің мұғалімі әрі 7 «А» сынып жетекшісі Арыстанова Жанар Серікқызының жүргізуімен мектеп оқушыларымен шынайы, әрі мәнді сыр-сұхбат жүргізілді. Сыр-сұхбатта кездесудің қонағы Алибаева Салия Ибрагимқызы жайлы бейне-сюжет көрсетілді. Оқушыларды қызықтырған сұрақтар қойылып, өздеріне оқуға, білімге деген кеңестерін алды. Онлайн кездесу мазмұнды өтті. Оқушыларға мол ақыл-кеңесімен бөліскен, кездесу қонағы Алибаева Салия Ибрагимқызына Алғысымызды білдіреміз!