«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-інде «Зейін» жобасы аясында математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес, 26 қаңтар 2021 жылы «Мен математикамен доспын» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында сөзжұмбақ, ребустар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілетін, қиялын дамыту. Байқауға әр сыныптың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмені тамашалай отырып, оқушылар тапқырлықтарымен, қызығушылықтарымен сұрақтарға жауап бере алды. Ең үздік жұмыстар мақтау қағазымен марапатталды.