«Кеңгір селосының №2 ЖББМ-інде Зейін жобасы аясында математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес, 25.01.2021 жылы «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» атты тақырыпта 1-4 сынып оқушылары арасында МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ болып өтті. «Математика адам өмірінде», «Сандар күні» және «Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?» атты тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін тиянақтау, логикалық ойын дамыту. Математиканың адам өміріндегі маңызын анықтау: яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі мен математиканың адам өміріне қаншалықты қажет екенін түсіндіру.









