«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығы аясында мектебіміздің 11 «А» сынып оқушылары және математика пәнінің мұғалімі Бекмаганбетова Бибіжамал Искаковна «Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?» атты тәрбие сағатын офлайн түрінде өткізді. Оқушыларға «Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?» тақырыбында видеоролик жасап, математикалық сауаттылық пәнінде сандарды дұрыс қолдану керектігі туралы мағлұматтар беріп, есептер шығартты. Аталған іс-шарада оқушылар: Адам сандарды дұрыс қолданбаса, онда кез-келген есептің жауабы шықпайтыны жайлы ұғымдарын толықтырып, өз пікірлерін жеткізе алды.