«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығы аясында «Мен және менің отбасым» тақырыбында оқушылар ата-анасының математиканы қаншалықты пайдаланатынын және әрбір маманның кәсібіндегі математиканың рөлі өте үлкен екенін дәлелдеді. Ата-аналарымен сұхбаттар жүргізіп, қоршаған ортамыздың бәрі математика тілімен бейнеленгенін түсінді. Дәрігер де, құрылысшы да, көлік жүргізуші мен банк қызметкері болсын, бәрі-бәрі де математиканы қолданады.
Оқушылар өздері дайындаған ата-аналарының кәсібіндегі математикалық білімін қаншалықты пайдаланатынын айтып, сыныптастарымен бөлісті. 5 «А» сынып оқушысы Хамыстханова Айман мен 7 «А» сынып оқушысы Бақберген Әбілқайырдың дайындаған жұмыстарында математиканы ата-аналары мен өздері өмірде қаншалықты пайдаланатынын дәлелдермен келтірді.
View the embedded image gallery online at:
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/191-matematika-bizdi-ajnalamyzda-men-zh-ne-meni-otbasym.html#sigFreeIdc997293f39
https://mektep2-zhez.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/191-matematika-bizdi-ajnalamyzda-men-zh-ne-meni-otbasym.html#sigFreeIdc997293f39









